Бүгін, 14 шілде күні Қазақстанның 16 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісіBAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Еліміздің оңтүстігі мен батысында аптап ыстық күтіледі. Маңғыстау, Түркістан, Атырау, Жетісу, Жамбыл, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы +38…+41° дейін жетеді. Кей аймақтарда өрт қаупі өте жоғары.
Кей өңірлерде найзағай, бұршақ және шаңды дауыл болжанып отыр. Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Жел күшейіп, өрт қаупі артады. Көптеген өңірлерде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Бұл, әсіресе, таулы және жазық аймақтарда өрт қауіпсіздігін күшейтуді талап етеді.
Қалаларда күтілетін ауа райы: Астана – найзағай, жел. Алматы – күн ыстық, +35° дейін. Шымкент – аптап ыстық және өрт қаупі. Ақтау – +38°, найзағай, жел. Петропавл – найзағай, бұршақ, жел. Талдықорған – +35°, өрт қаупі жоғары.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды ауа райы болжамына құлақ асып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Пікірлер