A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 14:00 0

Өскеменнің кейбір ауданында бірнеше күнге ыстық су өшірілді

Бүгін / Өскемен

Ресми ақпаратқа сәйкес енді тек шілденің 18-і күні жанады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

"Шығыс Жылу" АҚ өкілдері мәліметінше, 14 шілде сағат 8:00-ден бастап 18 шілде сағат 17:00-ге дейін Әл-Фараби көшесі, Сәтбаев, Есенберлин даңғылдары мен Жастар және Жібек жолы көшелеріндегі кейбір көпқабатты үйде ыстық су уақытша тоқтатылды.
Сонымен қатар 14 шілде сағат 13:30-дан 15 шілде сағат 17:00-ге дейін Куйбышев көшесі, 57 және 59 мекенжайлары мен Чистяков көшесі, 6 мекенжайында да ыстық су болмайды.
Судың уақытша тоқтатылуы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты жүргізілуде. Толық мекенжайлар тізімі "Шығыс Жылу" АҚ-ның ресми Instagram парақшасында (@ukts_info) жарияланған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив