A+ A A-

talgatzhan 44 16-07-2025, 10:00 0

Қазақстандықтарға қосымша демалыс берілетін болды

Бүгін / Республика

2025 жылғы тамыз айында қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді. Осылайша мемлекеттік мерекеге орай отандастарымыз үш күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сенбіге түседі. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, мереке демалыс күніне сәйкес келсе, демалыс келесі жұмыс күніне, яғни дүйсенбі – 1 қыркүйекке ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар 30-31 тамыз күндері мен 1 қыркүйекті қоса алғанда қатарынан үш күн демалады.

Сонымен қатар тамыз айында дәстүрлі сенбі-жексенбі демалыстарын есепке алғанда, жалпы 10 демалыс күні болады.

2025 жылғы тамыздағы демалыс күндері: 2–3 тамыз (сенбі-жексенбі); 9–10 тамыз (сенбі-жексенбі); 16–17 тамыз (сенбі-жексенбі); 23–24 тамыз (сенбі-жексенбі); 30–31 тамыз (сенбі-жексенбі).

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив