A+ A A-

talgatzhan 0 16-07-2025, 13:00 0

Өскемен әуежайының басшылығы мемлекетке 157 млн теңге шығын келтірген

Бүгін / Өскемен

Өскемен әуежайы басшылығына қатысты Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, 5 жыл бойы компанияның бұрынғы президенті мен өзге де лауазымды тұлғалары еңбекақыны негізсіз көбейту, жалған сыйақылар мен жалған шарттар жасау арқылы жүйелі түрде ақша жымқырып келген.

Соның салдарынан мемлекетке келтірілген жалпы залал - 157 млн теңгені құрады. Сот санкциясымен күдіктілердің 4 пәтері, жер учаскесі мен 2 автокөлігін пайдалануға тыйым салынды. Күдіктілер қамауға алынған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив