A+ A A-

talgatzhan 0 16-07-2025, 16:30 0

Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы сотталды

Бүгін / Өскемен

Өскемен қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы лауазымын асыра пайдаланғаны үшін 1 жылға бас бостандығынан шектелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, Э. есімді әйел өзінің танысы Б.-ға Өскемен қалалық білім бөліміне аудармашы ретінде жұмысқа орналасуды ұсынған. Оған нақты жұмыс істемей-ақ ай сайын жалақы алып отыратындығын жеткізген. 
- Айыпталушы бұл әрекетін жүзеге асыру үшін білім бөлімінің басшысы С.-ға жүгініп, одан танысын жұмысқа орналастыруға көмектесуін сұраған. Бөлім басшысы келісім берген. Осының салдарынан Өскемен қалалық білім бөліміне 1 394 458 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен.
Сот отырысында айыпталушылар өз кінәларын мойындамады. Алайда сот Э.-ны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал білім бөлімнің бұрынғы басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 1 жылға бас бостандығын шектелді. 
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив