«Қазгидромет» РМК синоптиктері 17 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыс пен шығыста дауыл тұруы ықтимал. Ал елдің оңтүстігінде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Күндіз Ақмола, Павлодар, Атырау, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық 35–39 градусқа дейін жетеді. Қызылорда мен Түркістан облыстарының батысы мен шөлді аймақтарында 40–43 градус аптап ыстық болады. Маңғыстау облысында күндізгі температура 38–40 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде күн 40 градусқа дейін ысиды, Алматы облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Жетісу облысының шығысында өте қатты ыстық – 42 градусқа дейін болады.
Батыс Қазақстан, Атырау облысының батысы мен орталығы, Абай облысының солтүстік-батысы мен орталығы, Қостанай облысының оңтүстік-шығысы, Ақтөбе облысының солтүстігі, батысы және шығысы, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысы, Ұлытау облысының солтүстік жартысы, Ақмола облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігі, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының батысы, шығысы және оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығы мен оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Ұлытау облысының оңтүстік жартысында және Абай облысының оңтүстігінде өте жоғары — төтенше өрт қаупі болжанып отыр.
Пікірлер