A+ A A-

talgatzhan 2 Кеше, 15:30 0

Көпбалалы аналарға қосымша жәрдемақы беріле ме? – Еңбек министрлігі түсіндірді

Бүгін / Республика

Көпбалалы отбасыларға қосымша көмек көрсетіле ме? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолданыстағы жәрдемақы жүйесін сақтай отырып, жыл сайын артатынын айтты, деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

- Қазақстандағы ана мен баланы қолдаудың қазіргі жүйесі тәуекел мерзімі ішінде жәрдемақы төлеудің уақыттылығы мен жиілігіне кепілдік береді және әртүрлі өмірлік жағдайларды қарастырады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес балалы отбасыларға тағайындалатын жәрдемақылар отбасының табысына тәуелсіз түрде төленеді және бала туғанда, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға арналған жәрдемақыларды қамтиды, - делінген редакциямызға берілген жауапта.

Ведомство балаға берілетін мемлекеттік жәрдемақы жылда өсіп отыратынын айтады.

- Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына және айлық есептік көрсеткішке байланысты белгіленеді және жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған көрсеткіштердің мөлшеріне байланысты артып отырады. Балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандырудың қолданыстағы жүйесін одан әрі жетілдіру елдегі экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылатын болады, - дейді Еңбек министрлігі.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив