Бірінші жартыжылдықта Қазақстанға келген шетелдіктердің саны 7,5 млн-ға жетті. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
- Шетелдіктердің елге келуі жылдан жылға өсіп жатыр. Бірінші жартыжылдықта олардың саны 7,5 млн-ға жетті. Өткен жылмен салыстырғанда 600 мыңға өсті. 90%-ы – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің азаматтары. Қазақстанда 212 мың шетел азаматтары тұрақты тұрып жатыр. Оның 42 мыңы – Алматы қаласында, 32 мыңы – Алматы облысында, 17 мыңы – Астана мен Қарағанды облысында. Олардың саны 3 жылда 42% өсті, – деді Бауыржан Әленов.
ІІМ өкілінің дерегінше, 430 мыңы – уақытша тұрып жатқандар.
Оның ішінде:
360 мыңы жұмыс істеу мақсатымен;
17 мыңы – отбасымен қосылу;
8 мыңы – білім алу үшін;
44 мыңы – басқа мақсаттармен (жеке істер, туризм және т.б.) келген.
Бауыржан Әленовтың айтуынша, келетін шетелдіктердің 97%-ы заң мен көші-қон талаптарын сақтап отыр.
- Биыл ішкі істер органдары 200 мың шетелдікті жауапқа тартты. 46 мыңы – болу тәртібін бұзғаны үшін. Олардың 10 мыңы 5 жылға кіруге тыйым салумен елден шығарылды. Сонымен қатар, 2 мың жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды, – деді Бауыржан Әленов.
Пікірлер