A+ A A-

talgatzhan 31 22-07-2025, 15:20 0

Қазақстандықтардың төлқұжатында жаңа қорғау элементі пайда болады

Бүгін / Республика

Қазақстан азаматтарының төлқұжатында жаңа қорғау элементі пайда болады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

— Ұлттық төлқұжатты қорғау деңгейін көтеріп жатырмыз. Біздің азаматтар визасыз 43 елге бара алады. Қазақстандық паспорт халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Қажетті қорғау элементтерін одан әрі жетілдіріп жатырмыз (фотодағы аты мен тегі микромәтін түрінде көрсетіледі), — деді Бауыржан Әленов Үкімет отырысында.

Одан әрі министрдің бірінші орынбасары көші-қон саласында бақылау күшейетінін айтты.

— Қауіпсіздік кеңесінде берілген тапсырмалар аясында көші-қон саласының ақпараттық жүйесін интеграциялау жұмысын іске асырып жатырмыз. Ішкі істер органдары көші-қон бақылауын жетілдіру бойынша барлық қажетті шараны қабылдайды. Құжат және елге келген азаматтарды тіркеу процесіне мониторинг жүргізіледі. Жалған тіркеуі бар пәтерлерді анықтап, олардың санын азайттық, сонымен қатар пәтер иелері жауапкершілікке тартылды, — деп толықтырды ведомство өкілі.

Фотосурет: KAZINFORM

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив