26 шілде сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында саркоманы ерте диагностикалау және алдын алу бойынша Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Саркома – сүйектерде, бұлшықеттерде, май немесе дәнекер тінінде дамитын қатерлі ісіктің сирек, бірақ қауіпті түрі.
Ашық есік күнінде орталыққа келген кез келген адам учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз жетекші онкологтардың кеңесін тегін ала алады.
Тек жеке куәлікті алып келу керек.
ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының мекенжайы: Өскемен қ., Потанин көшесі, 6, 1 корпус (емхана).
Телефон: 8 778 003 78 45, +7 (7232) 48-91-51.
Пікірлер