A+ A A-

talgatzhan 31 23-07-2025, 09:55 0

Өскеменге жаңа дизайндағы трамвайлар әкелінеді

Бүгін / Өскемен

Заманауи дизайндағы трамвай вагондары Беларусьтен Өскеменге жөнелтуге дайындалуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Тапсырыс берушінің қалауы бойынша олар көк, қызыл, жасыл түске боялды. Қоғамдық көліктерде 33 орын бар, барлығы 160 адам сыяды. Олар кондиционер, бейнебақылау, электронды төлем жүйесімен жабдықталған. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай қарастырылған. 

Трамвайлар тамыз айының ортасында әкелінеді деп күтілуде. Ол үшін ҚҚС қоса алғанда шамамен 878 млн теңге төленді.

Айта кетейік, қазір Өскеменде күн сайын желіге 10 трамвай шығып, 3 бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдайды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив