A+ A A-

talgatzhan 22 23-07-2025, 11:10 0

Жалпыға бірдей декларация туралы жаңалықтар

Бүгін / Өзге

2025 жылғы 15 шілдеде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңіне енбеген келесідей азаматтардың шетелде мүлік немесе шоттары болмаса декларация тапсырудан босатылады: зейнеткерлер, жекеменшік компанияларда жұмыс істейтіндер, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер және басқа санаттағы азаматтар.

 

250.00 нысанды кімдер тапсыруы керек?

Сайланбалы немесе мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар және олардың жұбайлары;

Банктерде, сақтандыру ұйымдарында және бағалы қағаздар нарығында ірі қатысушы болуға үміткерлер және олардың жұбайлары;

Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар және т.б.);

Сандық активтердің иелері, шетелдегі мүлік иелері, оның ішінде: жылжымайтын мүлік, автокөлік, банк шоттары,шетелдік компаниядағы үлес, бағалы қағаздар, сандық активтер, брокерлік шоттар, зияткерлік меншік;

Берешектер (растайтын құжаттар болған жағдайда).

Сонымен қатар құны 1000 АЕК-тен асатын (2024 жылы – 3 692 000 теңге) өзге де мүлік декларацияда көрсетілуі тиіс.

 

Тағы не өзгерді?

Резидент еместер болып табылатын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырмайды.
Декларацияланатын активтер тізбесі кеңейтілді.

Қарыз міндеттемелерін растаудың жаңа нысандары енгізілді.
Мүлік құны мен бағалау мерзімдері бойынша талаптар жаңартылды.

270.00 нысанды кімдер тапсыруы тиіс? 

Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары;

Заңды тұлғаларда және АҚ-да 10%-дан астам үлесі бар басшылар мен меншік иелері:

Өзін-өзі салықтандыруға жататын табыс алған тұлғалар;

Сандық активтердің иелері 20 000 АЕК-тен (2025 жылы – 78,6 млн теңге) асатын мүлік сатып алғандар және басқа тұлғалар,

 

Декларацияны қалай тапсыруға болады?

Онлайн:
cabinet.salyk.kz
egov.kz
Қосымшалар: e-Salyq Azamat, eGovmobile, moldir.qoldau.kz, Kaspi, HALYK, BCC

Қағаз түрінде:

Мемлекеттік кірістер органдары

ХҚКО

Тапсырылған хатпен пошта арқылы

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив