A+ A A-

talgatzhan 30 23-07-2025, 11:50 0

Президент медицина қызметкерлеріне күш көрсеткені үшін жазаны күшейтуді тапсырды

Бүгін / Республика

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне күш көрсететіндерге қарсы заңды күшейтуді тапсырды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORМ сайтына сілтеме жасап. 

— Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Парламент депутаттарының, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің және белсенді азаматтардың ұсынысын қолдайды, — делінген хабарламада. 

Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек. 

— Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама Парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады, — деп жазды баспасөз хатшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив