Бұл туралы қала әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әкімдіктегілер Назарбаев даңғылындағы жаяу жүргіншілер өткелін қайтару туралы шешім қабылдады. Бүгін ол жерде бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері пайда болды. Ал қоршау әлі алынбаған.
- Мердігер компанияның ақпаратынша, бүгін жаяу жүргіншілер өткелін пайдалануға беру жоспарлануда. 5.16.1 (2) «Жаяу жүргіншілер өткелі» жол белгісін орнату қалды. Жол белгілері түнде қойылады, - делінген ресми ақпаратта.
Пікірлер