A+ A A-

talgatzhan 29 23-07-2025, 15:45 0

Зайсан ауданында инвесторлар табиғи газ өндіруге мүдделі

Бүгін / Зайсан

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ҚХР елінің ірі Funde Holding Group Co., Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Инвесторлар Зайсан ауданында табиғи газ өндіру жобасын жүзеге асыруға мүдделі. Бұл өңірге шамамен екі миллиард АҚШ доллар инвестиция тартуға және жаңадан мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 

Қытай елінің компаниясы халықаралық тәжірибеге ие және бүкіл әлем бойынша ауқымды энергетикалық бастамаларды жүзеге асырып келеді. Инвесторлар жобаны жүзеге асырмас бұрын ауданның климаттық, географиялық және инфрақұрылымдық жағдайларына терең талдау жасаған. Кездесу аясында ынтымақтастықтың алдын ала жоспары, жобаны талқылауға бейінді басқармалар мен сарапшылардың қатысуы келісілді.

- Жобаның жүзеге асуы Зайсан ауданының тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік. Жаңа жұмыс орындары ашылып қана қоймай, өңірдің табиғи газ өндіру әлеуеті күшейеді. Ол өз кезегінде аймақ экономикасының дамуына оң әсер берері сөзсіз, - деді Нұрымбет Сақтағанов. 

Кездесу өңірдің тұрақты дамуы бағытындағы стратегиялық әріптестіктің тағы бір маңызды кезеңі болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив