23 шілде күні сағат 15:37-де ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сезілу деңгейі (ШҚО және Абай облысы):
Көкпекті — 4 бал
Самар — 4 бал
Қалбатау – 4 бал
Қасым Қайсенов кенті — 4 бал
Өскемен — 4 бал
Глубокое кенті — 3 бал
Күршім – 3 бал
Алтай — 3 бал
Риддер, Үлкен Нарын, Шемонаиха — 3 бал
Бородулиха, Ақжар, Аягөз, Семей — 2 бал
Катонқарағай, Боран, Үржар, Марқакөл, Зайсан — 2 бал
Мақаншы, Бесқарағай — 2 бал
Айта кетейік, зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда), көпқабатты үйлерде жер сілкісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Пікірлер