A+ A A-

talgatzhan 1 24-07-2025, 17:00 0

Мектеп асханасында тыйым салынатын тағам тізімі жаңарды

Бүгін / Республика

Оқушылар тұтынатын ас мәзіріне өзгерістер енгізілді. Толығырақ Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.


— Өткен жылдың соңында жаңа стандарт бекітілді, оған сәйкес дайын тағамдардағы қант мөлшері 3,5 есе, ал тұз мөлшері 2–2,5 есе азайтылды. Сондай-ақ оқушылар тағамына қатысты қатаң шектеу енгізіледі, әсіресе, мектептегі буфетке қатысты. Атап айтқанда, мектеп асханасында тез қорытылатын көмірсуларға, чебурекке, майға қуырылған бәлішке, гамбургер тағы сол сияқты фаст-фуд түріне тыйым салынады, — деп жауап берді Ақмарал Әлназарова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек министрдің мәлімдеуінше, шоколадты батондар мен тәтті газдалған сусындарға да шектеу қойылады.

— Аталған өзгерістер 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді, — дейді ведомство басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив