A+ A A-

talgatzhan 33 25-07-2025, 11:00 0

Биыл оқу жылы 2 қыркүйекте басталады

Бүгін / Республика

30 тамыз Конституция күні мерекесіне орай жаңа оқу жылын бастау күні ауысып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 


- Жыл сайын оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Бірақ, биыл оқу процесі 2 қыркүйекте басталады. Білім күніне орай салтанатты жиынды өткізу күні мен уақыты мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен айқындалады,- дейді Ғани Бейсембаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, қазақстандықтар тамыз айында күнтізбеге сәйкес демалады. Одан бөлек, айтулы мереке 30 тамыз — Конституция күні келе жатыр. 

Конституция күніне байланысты қазақстандықтар:

— бес күндік жұмыс аптасында қатарынан үш күн демалады: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);

— алты күндік жұмыс аптасында — екі күн демалыс 30 және 31 тамыз (сенбі, жексенбі).


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив