Оқиға 24 шілде күні кешке Тоғас көшесінде болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
— Lada Largus жүргізушісі Понтон көпірі жағынан Аязбаев көшесіне қарай келе жатып жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жасөспірім ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Соның нәтижелері бойынша шешім қабылданады.
Куәгерлер автожолдың бұл учаскесі дұрыс жарықтандырылмағанын атап өтті.
Пікірлер