A+ A A-

talgatzhan 32 28-07-2025, 15:30 0

Айдың соңғы күндері күн райы қандай болады

Бүгін / Республика

Айдың соңғы күндерінде ел аумағындағы ауа райы жағдайына кең ауқымды циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORМ сайтына сілтеме жасап.

Ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр мен екпінді жел болжанады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік облыстарда шаңды дауыл тұрады. 

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы +18…+23 °C дейін төмендейді. Қалған аумақта ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді деп болжанады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив