A+ A A-

talgatzhan 30 29-07-2025, 11:10 0

Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,6% болып қалды – Үкімет

Бүгін / Республика

Елде өзін-өзі жұмыспен қамтыған 2,1 млн адам бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

- Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша еңбек нарығында тұрақтылық байқалады және жұмыссыздық деңгейі 4,6% мөлшерінде сақталды. Жұмыспен қамтылғандардың өсуін жалдамалы жұмысшылар қамтамасыз еттті, олардың саны 7,1 миллион адамға жетті, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны – 2,1 млн адам, - дейді Биахметов.

Вице-министр қазір негізгі трендтер қандай екенін атап өтті.

- Біріншіден, бұл цифрландыру және автоматтандыру. Кәсіптердің көбі цифрлық дағдыларды талап етеді. Екіншіден, платформалы жұмыспен қамту және электрондық сауда – адамдардың көпшілігі онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейді, фриланспен, электрондық саудамен айналысады. Үшіншіден, халықтың саны өсіп келеді. Нәтижесінде жастардың еңбек нарығына келуі жыл сайын артуда. Болжам бойынша 2035 жылға дейін жылына 360 мың адамға дейін өседі. Бұл еңбек нарығына қосымша салмақ түсіреді, - деді Биахметов.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив