A+ A A-

talgatzhan 30 29-07-2025, 15:00 0

Өскеменде жаппай ішек инфекциясының өршуі тіркелді

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығындағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде өткен мерекелік шарадан кейін жаппай жедел ішек инфекциясы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ресми мәліметке сүйенсек, науқастарда жедел гастроэнтеритке тән белгілер байқалады: жүрек айну, құсу, дене қызуының көтерілуі, іштің ауыруы және іш өту. Бірнеше адам ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық ем қабылдауда.

Мамандар эпидемиологиялық тексеруді бастап кетті. Дайын тағамдардан, судан және қоршаған орта нысандарынан сынамалар алынды. Ауырған және олармен байланыста болған адамдардан сауалнама алынып, зертханалық тексерулер ұйымдастырылды.

Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, ауруханаға жатқызылғандардың басым бөлігінің жағдайы орташа ауыр деп бағалануда, өміріне қауіп жоқ. Науқастарға қажетті ем жүргізілуде, жағдай оңалып келеді. Амбулаториялық ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, олар дәрігерлердің бақылауында.

Тексеріс жұмыстары жалғасып жатыр, қосымша мәліметтер түсіп отырған сайын хабарланып отырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив