Қазақстанда түлектердің 30%-дан астамы меңгерген мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Мұндай көрсеткішті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, мұндай сәйкессіздіктің негізгі себептерінің бірі — талапкердің ҰБТ-дан жинаған балы қалаған оқу бағдарламасына түсуге жеткіліксіз болуы, сондай-ақ білім сапасының жеткіліксіздігі.
— Білім сапасын арттыру қажет. Қазіргі уақытта жұмысшы мамандықтары бойынша 100 жаңа кәсіби стандарт қабылдау жоспарланып отыр. Бұған дейін 864 кәсіби стандарт әзірленген, соның негізінде оқу бағдарламалары мен кадр даярлау стандарттары жаңартылуы қажет, — деді вице-министр Үкіметтегі брифингте.
Пікірлер