A+ A A-

talgatzhan 33 29-07-2025, 17:25 0

31 желтоқсан Қазақстанда ресми демалыс бола ма?

Бүгін / Республика / Пайдалы

Қазақстанда 31 желтоқсанды ресми демалыс күні ету туралы ұсыныстарға байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері пікір білдірді. Бұл мәселе Үкіметтегі брифинг барысында көтерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Журналистер бұған дейін қазақстандықтар Жаңа жылға дайындалу үшін 31 желтоқсанды ресми түрде демалыс күні етуді бірнеше рет ұсынғанын еске салып, бұл бастаманың жүзеге асу мүмкіндігін сұрады.

- Қазіргі таңда бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов.

Оның жауабын министрліктің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті басқармасының басшысы Шалқар Оразбеков толықтырды.

- Бұл мәселе бұған дейін бірнеше рет қаралған. Біз халықаралық тәжірибені зерделедік. Көптеген елде 31 желтоқсан жұмыс күні болып есептеледі. 1 және 2 қаңтар — ресми түрде мереке және демалыс күндері. Бұл Ресейден басқа барлық елге ортақ тәжірибе. Сондықтан дәл қазіргі уақытта 31 желтоқсанды ресми демалыс деп жариялау мәселесі күн тәртібінде жоқ, – деді ол.

Сонымен бірге ол кейбір кәсіпорындар ішкі еңбек тәртібі негізінде 31 желтоқсанды қысқартылған немесе демалыс күні ретінде белгілей алатынын айтты. Алайда бұл тек мекеме ішіндегі шешім болуы мүмкін, республикалық деңгейде 31 желтоқсанның ресми демалыс күні ретінде белгіленуі жоспарланып отырған жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив