Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Циклонның әсерінен Қазақстанда ыстық жазғы күндер жаңбырлы, найзағайлы ауа райымен ауысты.
Тіпті елдің оңтүстігінде де ыстықтың бәсеңдеуі байқалады. Алдағы күндері циклон жылдамдығы баяу болғандықтан, еліміздің басым бөлігіне әсерін сақтап қалады. Жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде және шығысында кей жерлерде нөсер болады, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.
2 тамыздан бастап циклонның артынан солтүстіктен антициклон жылжып келе бастайды. Ол жауын-шашынның тоқтауына және солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасының 15–20 градусқа дейін төмендеуіне себеп болады.
Пікірлер