24 шілдеде Oskemen Hub пен Royal Flowers бірлесіп ұйымдастырған ерекше іс-шара — Flowers Pitch өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл — технологиялық идеяларды, креатив пен жазғы атмосфераны біріктірген жаңа форматтағы питчинг. Іс-шара жасанды интеллект қолданылған инновациялық жобаларды таныстыруға арналған жарқын алаңға айналып, Шығыс Қазақстандағы технологиялық экожүйе өкілдерінің еркін әрі шынайы пікір алмасу орны болды.
Flowers Pitch — бұл жай ғана жоба байқауы емес. Бұл — шабыттандыратын, өзін көрсетуге және нетворкингке мүмкіндік беретін формат. Қатысушылар өз стартап-идеяларын көпшілік алдында таныстырды.
Үздік таныстырылым мен идеялардың ерекшелігі үшін қатысушылар іс-шара серіктесі Royal Flowers ұсынған ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Питч барысында тек әрекет етуші стартаптардың жобалары ғана емес, сонымен қатар студенттер мен жас мамандардың идеялары да ұсынылды. Бұл аймақтағы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуда жастардың маңызды рөл атқаратынын және жергілікті қауымдастықтың жоғары әлеуетін айқын көрсетеді.
Flowers Pitch форматының пайда болуы — Oskemen Hub-тың өңірлік стартап ортасын дамыту бағытындағы жұмысының қисынды жалғасы. Қатысушылардың белсенділігі мен қолдауының арқасында бұл шара жаңа идеялардың тек пайда болып қана қоймай, нақты жобаларға айналуға мүмкіндігі бар орта құрудың маңыздылығын көрсетті.
Пікірлер