A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 09:00 0

Еліміздің бірнеше облысында төтенше ауа райы құбылыстары болжануда

Бүгін / Республика

1 тамызда Қазақстанның көптеген облыстарында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ке сілтеме жасап.


Циклон және соған байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ пен дауыл күтіледі.

Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр болжанып отыр. Республика бойынша жел күшейіп, күндіз еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Солтүстік аймақтарда түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман күтіледі.

Күндіз Алматы облысында - 35 градус, Атырау облысы мен Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен батысында 35–36 градус, ал Маңғыстау облысында 38 градусқа дейін аптап ыстық болады деп болжануда.

Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде және Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстары мен Жамбыл облысының солтүстік, батыс және шығыс бөліктерінде, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Атырау, Маңғыстау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар өңірлерінде төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив