A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 10:30 0

Шемонаиха ауданында көпбалалы аналар “Күміс алқаға” ие болды

Бүгін / Шемонаиха

Ауданда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан берілетін "Күміс алқа" мемлекеттік наградасын салтанатты табыстау рәсімі өті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бұл марапат балаларды тәрбиелеуге және отбасылық құндылықтарды нығайтуға өз өмірін арнаған әйелдердің еңбегін мойындаудың айғағы ретінде берілді.

Осылайша, Алёна Ванина және Анастасия Бизгеймер "Күміс алқа" медальдарымен марапатталды. Оны Шемонаиха ауданының әкімі Дидар Кенесбаев табыстады.

Алёна Владимировна — отбасы мен қоғам алдында қызмет еткен үлгі. 2007 жылдан бастап мәдениет саласында еңбек етіп келе жатыр. 2016 жылдан бастап Усть-Таловка кентіндегі “Горняк” клубының директоры қызметін атқарады. Ол жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуда белсенді, «Tutti Frutti» және «Декоратор» студияларын басқарады, мәдени шараларды ұйымдастырады және елді мекеннің қоғамдық өміріне маңызды үлес қосып келеді.

Алёна — 6 баланың анасы. Отбасына махаббат пен қолдау беріп, балалары оқу, спорт және шығармашылық салаларында жоғары жетістіктерге жетуде. Өзінің қоғамдық және кәсіби еңбегі үшін “Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі” белгісі мен көптеген алғыс хатпен марапатталған.

Ал Анастасия Бизгеймер Сугатовка ауылында тұрады. Ол елді мекеннің қоғамдық өміріне белсенді атсалысып келеді. Павел Ивановичпен бірге алты баланы тәрбиелеп отырған отбасының тірегі ретінде, жақындары мен ауыл тұрғындары арасында үлкен құрметке ие.

Олардың балалары — еңбекқор, тәрбиелі және мектеп пен қоғам өміріне белсенді қатысатын жастар. Үлкен қызы Алина бармен ретінде еңбек етіп, жұмыс берушілер тарапынан жоғары бағаға ие. Орта жастағы балалар білім мен шығармашылыққа қызығушылық танытып, белсенділік көрсетуде.

"Күміс алқа" – бұл тек қана мемлекеттік марапат емес, сонымен бірге өмірінің маңызды миссиясы – келер ұрпақты тәрбиелеуге арнаған аналардың еңбегіне деген шынайы құрмет пен алғыс белгісі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив