Осы ретте қалалық прокуратура өкілдері ата-аналарға сақ болуды ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткен жылы дәл осындай 4 жағдай тіркелсе, биыл 7 қайғылы жағдай болды. Салдарынан 3 бала көз жұмды.
Басты себептердің қатарына ашық тұрған терезе, маса торы, терезе алдына жиһаз қою, балаларға арналған бекіткіштер мен шектеуіш құрылғыларды орнатпау жатады. Ашық терезесі бар бөлмеде баланы жалғыз қалдыруға болмайды.
Заң бойынша ата-аналар балалардың қауіпсіздігі үшін жауап береді.
Пікірлер