A+ A A-

talgatzhan 1 Кеше, 15:15 0

Биыл 550 шетелдік азамат Қазақстанда білім алады

Бүгін / Республика

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ шетелдік азаматтарға, оның ішінде Қазақстан азаматы емес, ұлты қазақ ұлтының өкілдеріне арналған 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарлама шеңберінде конкурстық іріктеудің аяқталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

— Конкурс қорытындысы бойынша 550 стипендиаттың негізгі тізімі бекітілді. Аталған бағдарламаның «Болашақ» бағдарламасына қатысы жоқ екенін атап өткен жөн. Ол 2019 жылдан бастап дербес жүзеге асырылып келеді және халықаралық академиялық әріптестікті кеңейтуге, сондай-ақ шетелден талантты жастарды Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға тартуға бағытталған, — делінген хабарламада.

2025 жылы бағдарлама аясында келесі мөлшерде гранттар бөлінді:

Докторантураға — 10 грант;

Магистратураға — 50 грант;

Бакалавриат — 490 грант.

Байқауға әлемнің 57 елінен 13 723 үміткер қатысты. Іріктеу процесіне 2 668 білім беру бағдарламасын ұсынған 37 қазақстандық жоғары оқу орындары жұмылдырылды. Ең көп стипендиаттар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, Astana IT University, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, ҚБТУ және басқа да оқу орындарына қабылданды.

Бағдарлама Орталық Азияның білім беру хабы ретінде Қазақстанның имиджін нығайту жөніндегі стратегиялық міндетті іске асыруды жалғастырады.

Грант иегерлерінің толық тізімін «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтынан танысуға болады. 

Ал Тәжікстан қазақстандықтарға 100 білім грантын бөлді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив