A+ A A-

talgatzhan 1 Бүгін, 13:15 0

Өскеменде 400 жас сарбаз Отан алдында әскери ант қабылдады

Бүгін / Өскемен

2 тамызда Республика алаңында ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы ұйымдастырған әскери ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шара барысында №5518 және №6699 әскери бөлімдерінің 400-ге жуық мерзімді қызметтегі сарбазы ел алдында адал қызмет етуге ант берді.

Жас сарбаздар Абай, Алматы, Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарынан әскер қатарына шақырылған. Салтанатты жиынға Ұлттық ұлан басшылығы, жергілікті билік өкілдері, қоғам белсенділері мен сарбаздардың ата-аналары қатысты.

— Балам әскери форма киіп, ел алдында ант бергенде көзіме еріксіз жас келді. Бұл — әрбір ата-ана үшін үлкен мақтаныш. Енді мен ұлымның нағыз азамат ретінде қалыптасып келе жатқанына сенімдімін, — деді Түркістан облысынан келген сарбаздың анасы Гүлнар Сейітова.

Шара барысында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран шырқалды. Сап түзеген сарбаздар салтанатты маршпен жүріп өтті.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив