A+ A A-

talgatzhan 34 4-08-2025, 12:25 0

Қазақстанда жаңа автокөліктердің бағасы тағы да қымбаттады

Бүгін / Республика

Көлік бағасының өзгерістері эпизодтық сипатта болып, логистикалық шығындардың артуы, валюта бағамының құбылуы немесе жаңа модификациялардың шығуымен байланысты болған. Бұл туралы Қазақстандық Автокөлік Одағы мәлімдеді, деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Мамандар мәліметінше, пандемиядан кейінгі төрт жыл ішінде Қазақстандағы ресми дилерлер сататын жаңа автокөліктердің бағасы бірқалыпты өсіп отырған.

2025 жылғы автокөлік бағасының өзгерісі:

2025 жылғы қаңтарда автокөлік бағасы 2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1,3%-ға өсті;
• 2025 жылғы маусымда 2024 жылғы маусыммен салыстырғанда 9,6%-ға қымбаттады;
• 2025 жылғы шілдеде 2024 жылғы шілдемен салыстырғанда өсім 9,5%-ды құрады;
• 2025 жылғы маусым мен шілде аралығында бағалар бұрынғы деңгейде қалды.

2024 жылғы қаңтар-маусым айларындағы жаңа автокөліктің орташа бағасы 16 миллион теңгені құраса, 2025 жылы осы кезеңінде бұл көрсеткіш 0,2%-ға өсіп, 16,1 миллион теңгеге жетті.

Қазақстанда жаңа автокөліктердің сатылымы қатарынан үшінші жыл рекорд жаңартып отыр. Бұл қарқынды өсімге бірнеше негізгі фактор әсер етті. 

Біріншіден, жеңілдікпен берілетін бағдарламалар кең азаматтар тобына көлік сатып алуды қолжетімді етті. 

Екіншіден, нарықта жаңа модельдердің көбеюімен таңдау мүмкіндігі артты. 

Ал үшінші себеп ретінде мамандар жаңа автокөлік бағасының өсуіне қарсы өндірушілер тарапынан жүргізіліп жатқан шараларды келтіреді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сарапшы ескі көліктерге салықты төмендету неге әкелетінін айтты. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылған жылына байланысты жеңіл автокөліктер үшін көлік салығы төмендейді. Сарапшылардың пікірінше, 10 жылдан аса қолданыстағы автокөліктер үшін көлік салығын төмендету Қазақстанға бұрын айдалған автокөліктерді жаппай әкелуге ұласуы мүмкін



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив