A+ A A-

talgatzhan 38 4-08-2025, 12:40 0

Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып кетті

Бүгін / Өскемен

3 тамыз күні сағат 22:50 шамасында Пограничная көшесінде Kia Morning маркалы көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 47 жастағы ер адам алған жарақатының салдарынан жол-көлік оқиғасы орнында көз жұмды.

Қазірг сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Әлеуметтік желіде қаланың бұл бөлігінде көше жарығы жоқ немесе жұмыс істемейді деген ақпарат тарады.

Қала әкімдігіндегілер мән-жайдың анықталып жатқанын айтты. 

Осы ретте полицейлер жүргізушілерге жылдамдықты қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Жаяу жүргіншілер жолды белгіленген жерлерден ғана кесіп өтуі керек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив