A+ A A-

talgatzhan 32 4-08-2025, 14:40 0

Өскеменде Ертіс көпірінің астындағы жол құрылысы созылуы мүмкін

Бүгін / Өскемен

Пермитин көшесін Е.П. Славский жағалауымен байланыстыратын жол құрылысын биыл аяқтау жоспарланған еді. Алайда жұмыс тоқтатылды, қаржы тапшылығына байланысты биыл аяқталмауы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Тұраровтың сөзінше, қаржы жеткіліксіз болғандықтан Ертіс көпірінің астында жол салу жұмыстары тоқтап қалды. 

— Биыл жергілікті маңызы бар жолдар мен көпірлерді салу және қайта жаңартуға 5,2 млрд теңге бөлінгенімен, бұл қаржы ауқымды жұмыстарды атқаруға жеткіліксіз. Қаржы мәселесі шешілгеннен кейін жұмыс жалғасады, - деді ол. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив