Ақпаратты тексеру үшін жедел жасақ қызметкерлері аталған ауданға барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жуықта Бобровка ауылының тұрғындары арасында «ауыл маңында («Нұртауға» барар жолда) аю пайда болып, бірнеше омартаны қиратып кетті» деген ақпарат тарады.
– Жедел жасақ қызметкерлері бүгін оқиға орнына барды. Қосымша ақпарат кейінірек белгілі болады, – деді «Орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету жасағы» ММ баспасөз хатшысы Мақсат Шәкіров.
Пікірлер