Су жаңа трамвайдың суретімен «Өскемен Көлік Компаниясы» ЖШС өкілдері бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қоғамдық көлік қыркүйек айына дейін желіге шығады. Бүгін таңертең қала аумағына жасыл вагон келді. Минскіден жеткізілгенше алты күн уақыт өткен.
Трамвай заманауи дизайнға ие. Ыңғайлы сапарға қажетті барлық жабдығы, 33 орындығы бар. 160 адам сыяды дейді.
– Алдымен іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Сосын сынап көру үшін 50 сағат қажет, – деді Көлік компаниясындағылар.
Биыл Беларусь елінен үш трамвай вагоны әкелінеді, олардың барлығы Өскемен үшін арнайы түстерге боялған. Яғни, жасылдан басқа, көк және қызыл түс.
Қазір қала бойынша желіде 10 вагон жұмыс істейді.
Пікірлер