A+ A A-

talgatzhan 31 5-08-2025, 16:25 0

Қазақстанның қай қалаларында заманауи перзентханалар салынады

Бүгін / Республика

18 облыста перзентханалар жаңғыртылып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгінгі Үкімет отырысында айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

– 18 облыстық перинаталдық орталық жəне 15 облыстық балалар ауруханаларының реновация жұмыстары басталды. Реновация мақсаты – перинаталдық орталықтардың құрамын бірыңғай жасақтап, мамандар біліктілігін арттыру мен материалдық-техникалық базасын жақсарту арқылы озық технологияларды өңірлерге тарату. Сонымен бірге, балаларға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған 302 аса қажетті бейінді төсек қайта құрылды. Медициналық ұйымдар құрамында тренинг орталықтары мен құзыретті дамыту орталықтары ашылады, – деді А. Әлназарова.

Сонымен бірге, Президент тапсырмасы бойынша заманауи перинаталдық орталықтар құрылысының 12 жобасы анықталды (Астанада екеу, Алматы, Шымкент, Атырау, Тараз, Қарағанды, Қаскелең, Қостанай, Қызылорда, Орал қалаларында және Түркістан облысының Темірлан ауылында).

– Бүгінгі күні барлық әкімдіктер жер телімдерін бөлді. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, кейін басқа өңірлерде қайта қолдану үшін Шымкент (жылы өңірлер үшін), Қарағанды (суық өңірлер үшін) пилоттық жобалар айқындалды. Алайда, аталған өңірлердің әкімдіктері пилоттық жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтаған жоқ, сол себепті мемлекеттік сараптамадан өткізу мен жобаны одан әрі жүргізу кешіктіріліп жатыр, – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі.

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде ана өлімінің көрсеткіші 10%-ға, нәресте өлімі көрсеткіші 26%-ға төмендеді.

Ауылдық жерлерде жоғары сын-қатер тобындағы жүкті әйелдерді емдеуге жатқызуға, асқынған босанудан кейінгі кезеңде әйелдерді оңалтуға арналған «Салауатты ана» пансионаттары ашылып жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив