Ертіс өзені арқылы өтетін көпір астындағы аумақ абаттандырылып, тұрғындар мен балаларға арналған жаңа демалыс аймағы ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жаңартылған алаңда балаларға арналған ойын кешендері, спорттық жаттығу аймағы және баскетбол алаңы орнатылған. Сонымен қатар дүниежүзіне танымал UFC жекпе-жек элементтеріне арналған жаттығу аймағы да қарастырылған.
— Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 8 бейнебақылау камерасы орнатылды. Барлығы жарықтандырылған. Бұл аумақ алдағы уақытта қала тұрғындары үшін қолайлы демалыс орнына айналады деп сенемін, — деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.
Шаһар басшысының айтуынша, болашақта қаладағы өзге де көпір астындағы кеңістіктерді осылай тиімді пайдалану жоспарда бар.
Пікірлер