A+ A A-

talgatzhan 31 6-08-2025, 13:00 0

Ауылды кадрмен қамту: жоғары оқу орындарына арнайы квота бөлінеді

Бүгін / Республика

Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарына арнайы квота бойынша оқуға мүмкіндік беретін білім беру бағыттарының тізімі бекітілді , деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Тиісті бұйрыққа Ғылым және жоғары білім министрі 2025 жылғы 1 тамызда қол қойды.
Құжатқа сәйкес, квота 63 білім беру бағдарламасы тобына қолданылады. Арнайы тізімге ауылдық жерлерде сұранысқа ие педагогикалық, медициналық, аграрлық, техникалық және гуманитарлық мамандықтар енгізілген.
Оның қатарында:
— Педагогика саласындағы бағыт — қазақ, орыс, шетел тілдері, математика, физика, биология, химия, география, құқық негіздері мен экономика, музыка, көркем еңбек, дене шынықтыру пәні мұғалімдерін даярлау, сондай-ақ бастауыш және мектепке дейінгі білім беру;
— Медицина және денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар — жалпы медицина, педиатрия, стоматология, фармация, мейіргер ісі және санитарлық-гигиеналық іс;
— Аграрлық ғылымдар — өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, агроинженерия, ветеринария, орман және балық шаруашылығы, су ресурстары;
— Инженерлік-техникалық және IT бағыт — механика, энергетика, көлік құрылысы, электротехника, ақпараттық технология, гидромелиорация, сумен жабдықтау;
— Басқа да басым салалар — туризм, қонақ үй және мейрамхана ісі, санитария, өрт қауіпсіздігі, әлеуметтік жұмыс, менеджмент, журналистика, дәстүрлі музыкалық өнер және дін.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив