Белгілі болғандай, аудандағы дүкендердің бірінде 17 жастағы (2008 жылы туған) жасөспірімге екі бөтелке жеміс-жидек дәмі бар сыра сатылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл бақылаушы органдарға белгілі болып, іс сотқа жіберілді.
Сотта кәсіпкер өз кінәсін мойындады. Сот шешімімен оған 39 320 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар оның алкогольді сату лицензиясы бір айға тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер