9 тамыз күні сағат 10:00-де ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық музей-қорығында арнайы іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мерекелік бағдарлама төмендегідей:
ШҚО филармониясының мерекелік концерті;
ШҚО драма және оперетта театрының ақын шығармашылығына арнаған қойылымы;
“Абай әлемі” картиналар көрмесі;
“Абай мұрасы - ұлтымыздың рухани қазынасы” интерактивті әдебиеттер көрмесі;
Луи Браиль қарпімен жазылған кітаптар көрмесі;
Абай үйіне саяхат;
Қолөнер бұйымдарының көрмесі;
Ұлттық ойындар, шеберлік сағаттары, иммерсивті серуен.
Пікірлер