9 тамыз күні сағат 10:00-де «Сол жағалау кешені» Мәдениет және демалыс саябағында ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және Абай күніне арналған «ABAI. LIVE» шығармашылық аймағы ашылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Заманауи креативті стильде безендірілген интерактивті алаң қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты әрі танымдық бағдарлама ұсынады.
Қатысушылар үшін ұйымдастырылады: «Кто ты по Абаю?» білім ойынында әр қатысушы ұлы ақынның ой-өрісіне еніп, Абайдың қандай философиялық қасиеті өз мінезіне жақын екендігін анықтай алады — ойшыл, арманшыл немесе тәлімгер, ою-өрнек жасау шеберлік сабағы, Абайдың қанатты сөздерімен безендірілген заманауи графикадағы фотоқабырға, Абай дәуірін бейнелейтін тұрмыстық элементтері бар кітап көрмесі, «100 лиц Абая» инста-квесті, «Голос Абая рядом» атты құлаққаппен тыңдалатын музыкалық аймақ, стратегиялық ойлау мен сергектікке баулитын дәстүрлі қазақ үстел ойындары — «асық» пен «тоғызқұмалақ».
«ABAI. LIVE» шығармашылық аймағы өткен күнмен мен бүгінді, сөз бен бейнені, білім мен ойынды біріктіретін рухани кеңістікке айналады.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: +7 777 852 9070, Д. Кітапбаева– Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Оқырмандарға қызмет көрсету орталығының жетекшісі
Пікірлер