Іс-шара 7-10 тамыз аралығында Қарауыл ауылында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Ұлы дала алтыны» көрмесі - ежелгі көшпенділер өркениетінің үздік туындыларының нағыз қазынасы.
Облыстық тарихи-өлкетану музейі ұсынған экспозицияның археологиялық артефактілері шынында бірегей және толық эксклюзивті. Бұл Қазақстан Республикасының жетекші археологтары Зайнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаевтың «Шығыс Қазақстан облысында археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасын» іске асыру бойынша қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Көрмеде археологиялық ескерткіштердің - Шілікті, Берел, Елеке сазы, Ақжайлау, Қарақоба қорымдарының бірегей артефактілерімен жаңғыртпалары қойылған.
Көшпелілер дәуірінің жауһарлары бұл өркениеттің жоғары деңгейде дамығанын, өткен ғасырлардағы зергерлердің тамаша шеберлігін көрсетеді.
Көрме қонақтары алтыннан жасалған бірегей әшекейлерді, жауынгерлердің қару-жарағын, киім элементтерін, жылқының сәнді жабдықтарын және басқа да құнды жәдігерлерді тамашалай алады. Қорғандарды қазу барысында табылған заттардың көпшілігі біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VII ғасырларға жатадды.
Көрмеге қойылған артефактілер мыңдаған жылдар бұрын Қазақстан аумағында қалыптасқан бай тарихи-мәдени мұраны пйғақтайды.
Көрменің мақсаты: ежелгі көшпелілер өнерінің артефакттары негізінде Қазақстанның тарихи өткенінің ұлылығын және зор әлеуетін таныстыру мен көрсету.
Пікірлер