Елімізде кәсіби мерекелер тізімі жаңартылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен тиісті бұйрық ҚР нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің электрондық порталында жарияланды , деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Жаңа құжатқа сәйкес, кәсіби мерекелер қатары тағы бес атаулы күнмен толықты:
• 7 шілде – Қазақстан қолөнершілер күні;
• 9 шілде – Табиғи монополиялар саласы қызметкерлерінің күні;
• 15 қыркүйек – Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының күні;
• 20 қазан – Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерінің күні;
• 29 қазан – Қазақстан кәсіпкерлері күні.
Осылайша, жаңартылған тізім бойынша елімізде барлығы 74 кәсіби мереке ресми түрде белгіленген.
Пікірлер