A+ A A-

talgatzhan 33 8-08-2025, 09:00 0

Аптап ыстық, найзағай: 15 облыста ескерту жарияланды

Бүгін / Республика

Бүгін, 8 тамызда Қазақстанның 15 облысында, сондай-ақ Астана мен Шымкент қалаларында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Астана қаласында найзағай және 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-шығыс желі күтілуде.

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс және солтүстік өңірлерде, сондай-ақ Абай облысында күндіз найзағай мен бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Кейбір аймақтарда өрт қаупі жоғары.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарында найзағай, бұршақ, қатты жел және қатты ыстық (35-41 градусқа дейін) болады деп болжануда. Кей жерлерде тұман және шаңды дауыл да күтіледі.

Ең жоғары температуралар Қызылорда облысында 40-41 градусқа, Маңғыстау облысында 38-40 градусқа жетеді.

Көптеген өңірде өрттің таралу қаупі жоғары немесе төтенше деңгейде, тұрғындарға сақ болуға кеңес беріледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив