A+ A A-

talgatzhan 1 Бүгін, 14:30 0

Өскеменде өткен Абай оқуларында алтайлық Елизавета Бондаренко жеңді

Бүгін / Өскемен

Бүгін хакім Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай «Абай оқулары – 2025» облыстық байқауы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана төрінде ұйымдастырылған бұл шараға өңірдің әр ауданынан сөз қадірін білетін қатысушылар жиналды. Қатысушылар қатарында дәрігер де, мұғалім де, студент те, тіпті әскер қатарындағы жауынгер де бар.
– Бұл байқауға 18-35 жас аралығындағы мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің жастары қатысуда. Олар түрлі аудан, қалалардан келді. Қатысушылар Абайдың қарасөздерін, әндерін, өлеңдерін оқып өзара жарысады, – деді Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры  Әсемгүл Абзалова.
Байқау негізгі үш кезеңге жалғасты. Алғашқысы – көркемсөз оқу шеберлігі. Қатысушылар ұлы ақынның білім, ғылым, өнер тақырыптарына арналған өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқыды. Екінші кезең –  Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді оқу. Соңғысы – әншілік өнер. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» секілді мәңгілік әуендері сахнада қайта жаңғырды.
– Бұл қатысушылар үшін берері мол әрі игілікті шара деп ойлаймын. Ұлы ақынымыз Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай өткізіліп жатқан жиында шын мықты анықталады деген сенімдемін, – деді ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басқарма басшысы  Болат Кенчимбаев.
Қазылар шешімімен бас жүлдені Алтай ауданынан келген  Елизавета Бондаренко ұтып алды. Жеңімпаздарға дипломдар, алғысхаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив