2025 жылдың күзінде қазақстандықтарға қосымша екі күн демалыс беріледі. Бұл өзгерістер мемлекеттік мерекелерге байланысты енгізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Қыркүйек. 1 қыркүйек, дүйсенбі – демалыс күні (бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін). Бұл күн – 30 тамыз – Конституция күніне байланысты берілетін ауыстырылған демалыс.
2025 жылы мереке сенбіге түскендіктен, демалыс келесі жұмыс күніне – 1 қыркүйекке ауыстырылады.
Қазан. 25 қазан – Республика күні сенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күні 27 қазан, дүйсенбіге ауысады. Осылайша, қазақстандықтар 25-27 қазан аралығында үш күн қатарынан демалады (алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 27 қазан жұмыс күні болады).
Қараша. Бұл айда қосымша демалыс күндері болмайды, өйткені мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер қарашада жоқ.
Пікірлер