Облыстық Ана мен бала орталығында салмағы 6 келі 45 грамм болатын қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, мұндай салмақтағы сәбилердің дүниеге келуі өте сирек кездеседі.
- Жаңа туған нәрестенің салмағы – 6045 грамм. Бұл біздің тәжірибемізде сирек болатын оқиға. Мұндай сәт тек ата-аналар үшін ғана емес, босануды қабылдаған дәрігерлер үшін де ерекше есте қалады, – деп атап өтті Ана мен бала орталығының мамандары.
Босану сәтті өтіп, ана мен сәби дәрігерлердің қатаң бақылауында. Қазіргі таңда екеуінің де жағдайы жақсы.
- Өте бақыттымын. Денсаулығым жақсы. Бізге ерекше қамқорлық көрсеткен орталық ұжымына алғысым шексіз, – деді қуанышымен бөліскен жас ана.
Пікірлер