1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында жаңа Тамақтану стандарты енгізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, стандарт дұрыс тамақтануға қойылатын заманауи халықаралық талаптарды ескере отырып әзірленген. Ол қантты тұтынуды 3,6 есеге дейін, тұзды 5 есеге дейін азайтуды, сондай-ақ көкөністер, жемістер мен сүт өнімдерін тұтынуды арттыруды көздейді.
Стандарт шағын жинақты мектептерде, буфеттерде тамақтануды ұйымдастыруға және арнайы диеталық қажеттіліктері бар балалардың тамақтануына қойылатын талаптарды да қамтиды.
Балалардың тамақтануға қанағаттану деңгейін анықтау және мектепте тамақтануды ұйымдастыру жүйесінің тиімділігін бағалау үшін алғаш рет "жеуге жарамсыздық индексі" енгізілді. Бұл көрсеткіш тамақ ішкеннен кейін тәрелкеде қалған тамақ қалдықтары мөлшерінің сатылған тағамдардың жалпы көлеміне қатынасын білдіреді.
Тамақтану стандартын іске асыру үшін мектепте тамақтануға арналған бірнеше нұсқалы үлгілік стандартты ас мәзірі әзірленді. Алғаш рет ыстық тағам әзірлеуге мүмкіндігі жоқ шағын жинақты мектептерге арналған мәзір жасалды.
Министрдің сөзінше, мектеп оқушыларының тамақтану стандартын енгізу, профилактикалық тексерулер жүргізу, вакцинацияны ұйымдастыру және балаларға шұғыл көмек көрсету бойынша 2 мыңнан астам мектеп мейіргерлері оқытылған.
- Жаңа Тамақтану стандартын іске асыру үшін әкімдерден жергілікті бюджеттен қаржыландыруды ұлғайтуды және мектеп тамағының сапасына қойылатын жоғары талаптарды ескеруді сұраймын, – деді Ақмарал Әлназарова.
Пікірлер