A+ A A-

talgatzhan 33 12-08-2025, 16:25 0

Жыл басынан бері 88 мың есірткі дүкенінің шоттары бұғатталды

Бүгін / Республика

Сала басшысы 2025 жылдың 7 айындағы прокуратура органдарының жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Прокурорлар заңдылықты нығайту, "Заң мен Тәртіп" идеологиясын ілгерілету және қоғамда заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру шараларын жалғастырып жатыр. Үйлестіру шаралары арқылы қылмыстық ахуалды жақсарту міндеттері жедел шешілді. Қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі төмендеді 82573-тен 76512-ге дейін азайды. 

Қоғамдық орындар (23121-ден 21269-ға дейін) мен көшелерде (11035-тен 10272-ге дейін) құқықтық тәртіп жақсарды.

Алайда интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Осы санаттағы қылмыстардың жолын кесу, анықтау және ашу бойынша мүдделі органдармен бірлесіп ауқымды және жүйелі іс-шаралар жүргізіліп келеді. 

Мәселен, алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде 61 кибертоп әшкереленіп, 217 "дроппер" қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Интернеттегі есірткінің заңсыз айналымы инфрақұрылымын тұрақсыздандыру мақсатында 88 мың есірткі дүкенінің шоттары бұғатталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив